Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.
Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Қашықтықтан оқыту
Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы
Қос дипломды білім беру
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Тестілеу бөлімі
Академиялық күнтізбе
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Анықтамалық нұсқау
Абырой кодексі
Путеводитель
Сабақ кестесі
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Жастар ісі жөніндегі Комитет
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс
Архив

Архив (83)

Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2016 09:38

Дөңгелек үстел

Автор

2016 жылы 5 қарашада э.ғ.к., доцент, профессор Өтеу Нургалиевтің 80-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Нарықтың қазіргі жағдайы, келешектегі перспективалары». Бұл кездесуге «Экономика, есеп және аудит»кафердрасының профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар мен студенттер  қатысты.

 

 

Дүйсенбі, 12 Желтоқсан 2016 10:19

Мастер-класс!

Автор

Нарқасқалар бас қосты!

Желтоқсан 8 күні ҚазТБУ ұжымы, студенттері және мектеп оқушыларына арнап, аттары әлемге әйгілі суретшілер мен мүсіншілер мастер –класс көрсетті.

 

Қонаққа академик, тікелей Елбасының қабылдауында болған,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, еңбектері  Мәскеудегі Третьяков галереясы және шетел қорларында сақтаулы   К.У.Муллашев,  ҚР Суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері  Т.Б. Батанов, п.ғ.к.,проф. Б.Мұхамеджанов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері  М.С.Байтенов ат басын бұрған еді. Қонақтар алғы сөздерін айтып, «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасына жемісті жұмыстар, шығармашылық табыстар тілеп, естелікке қолтаңба қалдырып, мастер–класс көрсетуге орындарына жайғасты. Санаулы минуттарда шеберлер халыққа өз құдіреттіліктерін паш етті. Студенттер суреттің қалай салынатындығын, мүсіннің қалай дүниеге келетінін қызуғышылықпен қарап, тәжірибе алды. Қонақтар бірінен соң бірі жұмыстарымен елді таң қалдырды.  Сондай-ақ өнер майталмандары Қ.Құсманның жетекшілігімен 4 курс студенттерінің «Бойтұмар», Ж.Байжанованың жетекшілігімен 5 курс студенттерінің «Іңкәрім –ай» коллекцияларына оң бағаларын берді.

Сондай-ақ аталмыш кафедра кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к Е.Қ.Боранқұлов келген қонақтарға арнайы алғас хаттар мен дайындалған сыйлықтарын табыс етті.

Шараға келген қонақтар шеберлерге сұрақтарын қойып, қызықтырған ойларына жауап бен бағыт-бағдар алып естелікке суретке түсті.

 

        Сөйтіп Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасы Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тынысы» апталығы өз деңгейінен жоғары өткізіп, Астана қаласы бойынша оқушы, ата-ана және ұстаздар тарапынан оң бағаларына ие болды. Жоспарланған барлық шаралар өз уақытымен өтіп студенттер апталықтан үлкен әсер алды.

 

 

 

 

 

 

ҚазТБУБаспасөз қызметі

Дүйсенбі, 12 Желтоқсан 2016 08:48

Тәуелсіздікке 25 жыл!

Автор

«Тәуелсіздік тынысы» немесе байқау мәресіне жетті!

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні апталықтың екінші күні «Тәуелсіздік тынысы» атты профессор –оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмыстар көрмесі  ашылды.

 

Жоспарға сай «Тәуелсіздік тынысы» атты профессор –оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмыстар көрмесі ашық деп жариялынып, көрмеге арнайы шақыртылған қонақтарға сөз кезегі берілді.

Сөз кезегін  «Деловой Мир», «Отбасым», «Astana Innovation» журналдарының бас редакторы, «Бас редакторлар Клубы» ҚБ вице-президенті  Сыздықова Шолпан Викторовна алды. Өз сөзінде Н.Ә.Назарбаевтың тарихи хронология туралы жазылған кітабымен таныстырды. Келесі сөз университет ректоры С.Н.Түменов алды. Сөзінде бүгін тарихи күн екендігін айтты. Себебі, дәл осы сәтте «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасының апталығы, Елбасымыз туралы кітаптың таныстырылуы және оқушылардың көрмесінің аяқталып, марапаттау рәсімі өтетінін айтты. Басқада келген қонақтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

Ары қарай киім коллекциясының көрсетілуі басталды. Алғашқы болып Қ.Құсманның жетекшілігімен 4 курс студенттерінің «Бойтұмар» колекциясы таныстырылды. Келесі Ж.Байжанованың жетекшілігімен 5 курс студенттерінің «Іңкәрім –ай» колекциясы көрермендерге ұсынылды.

Содан «Бір отан! Бір тарих! Бір Елбасы» атты оқушылар көрмесі байқауының жүлдгерлерін марапаттау рәсімі басталып кетті.

3 –орынға С.Бекежанов, А. Жолдыбаева және т.б.

2 –орынға Д.Мұсабаева, А.Иванова  және т.б.

1 –орныға Н.Өмірзақ,  А.Байқонбай және т.б. оқушылар марапатталып, «Деловой мир Астана» баспа үйінің қолдауымен әр қатысушыға жаңа туындылар сыйға берілді.

         Онымен қоса университет мұғалімдеріне қосқан үлесі үшін арнйы алғыс хаттар мен кітаптар берілді. Барлық қатысушылармен естелікке суретке түсіп, профессор–оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмыстар көрмесін тамашалап Т.Ордашев мырза мен Қ.Құсман ханымның шеберлік сыныбына куә болдық.

Аталмыш байқауды университетіміздің «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының  ұстаздары елордамыздың жас жеткіншектерінің қолөнер бұйымдары мен суреттеріне әділ бағаларын беріп, шараның өтуіне мұрындық болды.

Сондай-ақ ҚазТБУ ұжымы «Деловой Мир», «Отбасым», «Astana Innovation» журналдарының бас редакторы, «Бас редакторлар Клубы» ҚБ вице-президенті  Сыздықова Шолпан Викторовнаға көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Сенбі, 10 Желтоқсан 2016 03:05

Тәуелсіздік-25!

Автор

«Тәуелсіздік тынысы» немесе  атақты дизайнерлер бас қосты!

Бүгін апталықтың үшінші күні. 7 желтоқсан күні күн жоспарында көрсетілгендей келген қонақтармен дөңгелек үстел жүргізу болды. Дөңгелек үстелге шақырлған қонақтардың барлығы ұстаздармен және студенттермен қызықты әңгіме өрбітті.

 

Сонымен қонаққа Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, «Құрмет» орденінің иегері, аңыз адам  Ж. Мәлібекұлы,   ҚР Мәдениет қайраткері, п.ғ.д, Қазақстан Республикасының өнер профессоры, ҚР Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі Е.С.Асылханов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д.,Т.К.Мусалимов, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, п.ғ.к. Б.И.Ижанов, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінінің «Дизайн» кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Т.Х.Алиев, «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісінің иегері, Қазақстандық және халықаралық сахнада сценограф, театр мен киноның қоюшы суретшісі ретінде 100 астам қойылымдардың авторы С.Б. Балтаев сынды өнер шеберлері келді.

«Ең біріншіден мынадай үлкен ақ сарайдай үйлеріңіз құтты болсын. Білімге құштар қазіргі жастарымыздың арманы орындалып жатқанына қуаныштымын. «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн кафедра» ұжымы мынадай бір әдемі, мағыналы апталық өткізіп жатыр екен. Тамаша! Апталық емес күнде осындай жастарға салиқалы, мағыналы бас қосулар өткізе берсе жаман болмас еді?! Тәуелсіздік тұғыры мықты болсын!» деп Елтаңба авторы, аңыз адам  Ж.Мәлібекұлы ойын жеткізді. Өзінің қарапайымдылығы мен білімділігін жоғалтпаған Елтаңба авторы, жастарға өнегелі сөздерімен және әдемі, логикалық жұмбағын жасырып, кештің әдемі өтуіне шын көңілімен ұстаздар және студенттердің лебізін мұқият тыңдады.  

 

Е.С.Асылханов, Б.И.Ижанов, Т.Х.Алиев, С.Б. Балтаев сынды өнер майталмандары талай қиыншылықты бастан өткеріп, Тәуелсіздік жолында халыққа қызмет ету үшін қаншама тер төккендерін ортаға салып, ой бөлісті.

Сондай-ақ кеш қонақтары өз саласындағы жаңалықтармен бөлісіп студенттерге ұмытылмас кездесу сыйлады. Дөңгелек үстел соңында «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн кафедра» меңгерушісі п.ғ.к Е.Қ.Боранқұлов келген қонақтарға арнайы Алғас хаттар мен дайындалған сыйлықтарын тапсырды. Қонақтар студенттермен бірге естелік суретке түсті.

Өз саласының білікті мамандары ұстаздар мен студенттерге өз қолтаңбалары мен «Тілек»  журналына жылы лебіздерін қалдырып кетті.

Бүгінгі күннен студенттер үлкен әсер алып, шабыттанып шығармашылық жұмыстарына белсене кірсетіндерін айтып тарқасты.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Жұма, 09 Желтоқсан 2016 10:21

Құттықтаймыз!

Автор

Аты әлемге әйгілі !

Астана қаласындағы «Astana Fighters» клубының мүшесі  Жасұлан Әкімжан   ММА аралас жекпе-жегі бойынша әлем чемпионы болды.

 

Қазақ технология және бизнес университеті  х.ғ.к, доцент Көлпек Айнагүл Көлпекқызы басқарып отырған  "Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасында тағы бір қуанышты жағдай орын алды. Аталмыш кафедра студенті Әкімжан   Жасұлан Шалқарұлы әлем чемпионы атағына ие болды. Жеңісімен құттықтап жеңімпазды сөзге тарттық.

-         Жасұлан жеңісің құтты болсын! Жеңіс оңайшылықпен келмейтінін білеміз. Бұл спорт түріне қалай келдің?

-         Мен басында еркін күреспен айналысып жүрдім. 9 сыныпқа келгенде мектепте осы ММА спорт түрінің маманы, ұстазып қатысуға шақырып еді. Ал, өзім мектепті осы Астана қаласының №10 мектебін тәмәмдадым. Жарыс 12 адамнан, 65 келіден тұратын Әлем чемпионы белбеуінен  таласуға тура келді.3 кездесу өткіздім.  Әлем чемпионы Қанат Досмағамбетовпен бірге-бір шықтым. Осы спортқа келгелі 5 жылдың көлемі болды. 

 

-         Өмірде  мінезің қандай? Жалпы жеңіске  жеткен спортшылар өздері  өмірде қол көтермеуге тырысады екен. Оның чемпион екенін аңғармайсың...

-         Ия, дұрыс айтасыз. Мен негізі мінезім ауыр. Өзім барып бірінші болып ешкімнің намысына тиіп, қол көтермеймін. Барынша бейбіт жолмен шешуге тырысамын. Ал, егер  шектен шығып жатса амал жоқ. Қорғануыма тура келеді. Менің ұстанымым: 1. далада төбелеспеймін адманың денсаулығына зиян келтіруім мүмкін. 2. Өзімнен кіші немесе нәзік адамға ешқашан қол көтермеймін. Мен осы спорт түрін біледі екенмін деп әркімге соқтығысу ол мен үшін ұят нәрсе!

-         Фируз Абдуллоев, Елнұр Ермековтермен шыққан төбелестеріңіді көрдім. Тағысын тағы бар... Талай қанға бөккен, есі ауып қалған спортшыларды байқадық. Қанша дегенменде бұл спорт түрі басқалармен салыстырғанда өте қауыпті. Ата-анаң осы спорт түріне қатысуға қарсылық білдерген болар?

-         Ия, басында қатысуға қарсы болды. Артынан келісімін берді. Ол кісілер менің амандығымды тек бір Алладан ған тілеп отырған жандар!

-         Жасұлан, Қазақ елінің көк байрағын және  Қазақ технология бизнес университетінің атын асқақтатуға жазсын! Әдемі әңгімеңе рахмет! 

                                                                

                                                               ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Жұма, 09 Желтоқсан 2016 08:25

Апталықтың ашылуы!

Автор

Тәуелсіздік тынысы!

Ағымдағы жылдың 5  желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасы «Тәуелсіздік тынысы» атты апталығын  салтанатты  түрде ашты. Апталық 5 мен 9 арасында өтеді деп жоспарланып отыр.

 Ашылу салтанатына Қазақ технолгия және бизнес университетінің ректоры т.ғ.д., профессор Түменов Серік Ниязбекұлы қатысып,  барша қатысқан қонақтарды еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, апталықтың сәтті өтуіне тілектес болды.  Сондай-ақ «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., Боранқұлов Еркінбек Қағазбекұлы сөз сөйледі. Кафедра  меңгерушісі өз сөзінде еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, апталықты ашық деп жариялады. Алдағы апталық жоспарымен бөлісіп, кафедра ұжымына сәттілік тіледі. Келесі сөзді  «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн»  кафедрасының оқытушысы т.ғ.к., Мыңбаев Мұрат Тайкелтірұлына берілді.  Ғалым еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап ізгі ниетін білдірді. Шетелден арнайы шақыртылған  осы кафедраның оқытушысы, профессор Гаррет Стамп мырза қонақта болып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, әріптестеріне жылы ниетін білдірді. Сөз соңын  аталмыш кафедра  5 курс студенті Бекназар Ақнұр алды.  Ақнұр «Жас отан»  жастар қанатының Елбасымен өткен кездесуінде  оқыған баяндамасының үзіндісін келген қонақтарға оқып берді.

 

Сөйтіп  «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн кафедрасы»  еліміздің  25 жылдығы аясында «Тәуелдсіздік тынысы» атты апталығын ашық деп жариялап, алдағы күндеріне қызу дайындықпен кірісіп кетті.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 05:15

Форум!

Автор

Бақытты болу үшін Президент болу міндетті емес!

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні Астанада алғаш рет республикалық Жастар форумы  болып өтті. Атылмыш форум Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып,  еліміздің түкпір-түкпірінен  жиналған 1,5 мыңнан аса жас Елбасымен тікелей кездесуге мүмкіншілігі болды. 

Үлкен шараға біздің  ҚазТБУ студенті Астана қаласы «Жасыл ел» және Студенттік құрылыс жасақтары маусымының  «Үздік жетекші» марапат иесі, университетіміздің оқу озаты Бекназар Ақнұр Елбасының кездесуінде тікелей қатысып келген еді.

2

 

«Ата-аналар сен оқуға тиіссің, сонда президент боласың деп айтады. Президент болғанына менің қарсылығым жоқ. Бірақ, ол баланың басында қалып қояды. Содан кейін ол орындалмағаннан кейін қиналады. Бақытты болу үшін міндетті түрде президент болу қажет емес. Мүмкін тіпті керісінше болуы мүмкін. Бір қалжың айтып берейін. Бір кезде біз Ельцинге: «Борис Николаевич, немереңіз президент болғысы келеді», деп айтқан едік. Ал ол «Ресейге екі президенттің қажеті қанша?» дейді.  Ең бастысы - адам тәрбиелеу, білім, жақсы мамандық алу. Жақсы білімді сенен ешкім тартып ала алмайды. Сонда сен өмірде жетістікке жетесің», - депНұрсұлтан Әбішұлы елімізде жастарға сапалы білім беруге айрықша мән беріліп келе жатқандығын алдыға тартты. «Тек осы жылдардың ішінде ғана шамамен 1500 жаңа мектеп салынды, жөндеп жатырмыз. Бұл мектептер бұрынғыдай емес. Олар мүлдем заманауи, зияткерлік мектептер. Онда республикалық дүниежүзілік байқаулардың жеңімпаздары, үздік оқушылар қабылданады. Солардан үміт күту керек. Әрине, бастапқы сараптама барлық адамның мүмкіншілігі бірдей еместігін көрсетті. Адамдардың барлығы бірдей өз мүмкіншіліктерімен университет аяқтай алмайды», - деді Елбасы.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2016 08:03

Жұлдызы жанған жұлдыздар!

Автор

Көтеріңкі көңіл сыйлаған күн!

Ағымдағы  жылдың желтоқсан айының 2 күні  Қазақ технология және бизнес университетінің колледжінде  «Екі жұлдыз»  атты ән байқауы болып өтті.

 

Байқау қатысушылары  колледждің «Арнайы пәндер оқытушысы» Жансая Ибрагимқызы мен «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығының 3-курс студенті Нұржан Ерланұлы,  университеттің «Химия, химиялық технология және экология» бөлімінің оқытушысы Сансызбаев Мирас пен Манарбек Дәметкен, Астана қаласы №78 мектеп-гиназиясының  ән-күй пәнінің мұғалімі Айгерім Батырқызы және 11-сыныптың оқушысы Тілеуқабыл Танат,  колледждің «Арнайы пәндер»  оқытушысы Жанар Ансариевна мен «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығының

3-курс студенті Әділ Боранбаев, университет жатақханасының атынан университет медбикесі Ұлмекен Адбдіқадірқызы мен «Туризм» мамандығының 2-ші курс студенті Барлыбай Асылбекұлы аталмыш байқауда бақ сынасты.

Сондай-ақ  облыстық және республикалық ән байқауының лауреаты Еркін Серікбол “Байтақ елім қазағым” атты әнді көрермендерге шырқап берді.

Сөйтіп ақтық сынға сүрінбей өтіп, бас жүлдені жеңіп алған колледждің «Арнайы пәндер»  оқытушысы Жанар Ансариевна мен «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығының 3-курс студенті Әділ Боранбаев болды.

Соңында халқымызға белгілі «Екі жұлдыз» атты әнімен  қонақтар, студенттер, университет және колледж қызметкерлерінің шырқауымен байқау өз мәресіне жетті.

 

Анықтама

Қазақ технология және бизнес университет колледжі 2006 жылы Қазақ технология және бизнес университетіне қарасты ашылған болатын. Колледж «Тігін өнеркәсібі», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Туризм», «Мұнай және газ технологиясын өңдеу»,«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетудіұйымдастыру», «Ақпараттық жүйе» бойынша студенттерге білім береді. Аталмыш білім ордасында қазіргі таңда барлығы 767 студент. Оның ішінді күндізгі бөлімде 660, сырттай оқу бөлімінде 85, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 22 бала қашықтықтан білім алады. Сондай-ақ колледж тәлімгерлері «Алтын жүрек», «Жас батыр», «Халықаралық дизайнерлер көрмесі», «ЖасStar КВН-мен бірге», «Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай жарысы», «Ақ найза», «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты және өзгеде жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары болып табылады.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

 

 

 

Бейсенбі, 24 Қараша 2016 06:22

«Білім және ғылым-2016»

Автор

Көкейкесті көрме!

 

Қараша айының 23 мен 25 аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында «Білім және ғылым-2016» ХІV Халықаралық көрмесі өтуде. Үш күнге созылатын көрменің жұмысына өз еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, алыс-жақын 12 шет мемлекеттің білім ордалары қатысуда.  

 

Көрме мақсаты:

  • Білім сапасы;
  • Білім беруші ұстаздар деңгейі;
  • Оқу орны мен диплом беделі;
  • Жоо-ның инфроқұрылымымен таныстыру

болып табылады.

Осы көрме барысында  Қазақ технология және бизнес университетіде өз атқарып жатқан жұмысымен бөлісіп, елге таныстыруда.

Анықтама:

        «Қазақ технология және бизнес университеті» акционерлік қоғамы Астана технология және бизнес университетінің Алматы технологиялық университет филиалының негізінде 2003 жылы 12 маусымда құрылды. 2003-2004 оқу жылынан бастап, ол тәуелсіз институт ретінде технология және бизнес Ақмола университеті деп аталады.

26 наурыз 2008 жылдан бастап Астана мен Ақмола облысында, бакалавриат және магистратура үшін азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, мұнай-химия өнеркәсібі және Қазақстандағы қонақжайлық индустриясын салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін жоғары білім мамандандырылған мекеме ретінде технология және бизнес университеті қызмет етеді.

"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер", "Химия, химиялық технология және экология", "Технология және стандартизация", "Экономика және қаржы", "Ақпараттық технологиялар", "Жеңіл өндіріс технологиясы және дизайн", "Менеджмент және туризм" мамандықтары бойынша білім береді.

Университеттің инновациялық құрылымы, экологиялық, технологиялық және білім беру бағдарламаларын өзекті бағыттары бойынша ҚР БҒМ қаржыландыратын ғылыми-зерттеу жобаларын әзірледі технология паркін, ғылыми-зерттеу зертханасы «Жоғары технология көміртегі бар шикізатты қайта өңдеу», «Биотехнология», «Ақпараттық технологиялар орталығы» бар.    Қазақ технология және бизнес университеті шетелдік мемлекеттердегі жоғары оқу орындарымен қатынас жасайды, олар: Англия, Италия, Германия, Польша, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларус, Украина, Қырғызстан және т.б.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Бейсенбі, 24 Қараша 2016 04:41

Белсенділердің биік белесі!

Автор

Көп еңбегі — көңілді!

 

2016 жылдың 21 қараша күні «Астана концерт залында» Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Астана қаласы «Жасыл ел» және Студенттік құрылыс жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті.

 

 

Шара барысында белсенділік танытқан студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының қатысушылары, оқу орындарының үздік командирлері, сондай-ақ, биылғы еңбек маусымында штаб жұмысын ұйымдастыруға зор үлес қосып, қолдау көрсеткен білім мекемелері мен жұмыс берушілер марапатталды.

2016 жылғы маусымның қорытындысы бойынша қатысушылар «Үздік жұмыс беруші», «Үздік жасақ», «Үздік жетекші», «Үздік сарбаз», «Үздік оқу орны»   номинациялары бойынша марапатталды. «Үздік жетекші» бойынша университетіміздің студенті Бекназар Ақнұр марапатталды. Ақнұр 3 жыл қатарынан қалалық «Жасыл Ел» және Студенттік құрылыс жасақтары жұмысына белсенді қатысып келеді. Жетекшілігімен 35 адам жұмыс істеп, қалалық сенбіліктер және абаттандыру жұмыстарына қатысып, 1 тонна қоқыс жинады. «Саябақтар маршы», «Таза қала – таза бақ» акцияларында белсенділік танытты.

«Үздік жетекші» марапат иесі, университетіміздің студенті Бекназар Ақнұрды қуанышымен құттықтаған едік:

«Шындығын айтқанда қуанышым қойныма симай тұр. Бұл біздің яғни, жастардың еңбегінің бағаланғаны көрініп тұр. Мен ойлаймын елімізге жалпы Отанымызға қызмет ететін жастардың саны жыл сайын арта берсе нұр үстіне нұр болар еді.  Біз «Жасыл ел»  жастары әрқашан өзіміздің патриоттық сезімімізді бойымыздан жоғалтпай қызмет етуге әзірміз!»

Сондай-ақ «Үздік проректор» сынағы бойынша университетіміздің Оқу-тәрбие және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Танкибаева Мереке Хафизқызыда марапатталған болатын. Сонымен оқу орнымызда бүгін екі марапатпен толықты. Шын жүректерімен елімізге еңбек сіңірген екі жеңімпазымызға еңбектеріне тек осындай жеңістер мен биік белестерді ҚазТБУ ұжымы атынан тіледік.

ҚазТБУ беделі тағы бір рет көтеріліп, үлкен сахнадан ел алдында аты аталуы бұл тағы бір қоржынымызға салынған жетістіктің бірі болып есептелінеді.  

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Страница 1 из 6

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.