Как выбрать внешний диск. Внешний жесткий диск как выбрать самый подходящий. Какой внешний диск выбрать. Какой принтер выбрать. Какой выбрать лазерный принтер сегодня. Какой цветной принтер выбрать. Готовые программы на java. Изучаем java с нуля быстро. Как начать программировать на java. Бесплатные игры для планшетов android. Качественный samsung android планшет. Планшет android цена. Отдых в турции отели. Самый лучший отдых в турции. Отдых в турции отели цены. Wow дк гайд. Лучший wow фрост дк гайд. Wow дк танк гайд. Рабочие программы на языке python. Изучаем python с нуля. Язык python для начинающих. Бесплатые плагины для Joomla. Скачать joomla плагины бесплатно. Где скачать самые последние плагины на joomla.
Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Қашықтықтан оқыту
Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы
Қос дипломды білім беру
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Деканат
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Тестілеу бөлімі
Академиялық күнтізбе
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Анықтамалық нұсқау
Абырой кодексі
Путеводитель
Сабақ кестесі
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Жастар ісі жөніндегі Комитет
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс
Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2016 09:38

Дөңгелек үстел

2016 жылы 5 қарашада э.ғ.к., доцент, профессор Өтеу Нургалиевтің 80-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Нарықтың қазіргі жағдайы, келешектегі перспективалары». Бұл кездесуге «Экономика, есеп және аудит»кафердрасының профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар мен студенттер  қатысты.

 

 

Опубликовано в Архив
Дүйсенбі, 12 Желтоқсан 2016 10:19

Мастер-класс!

Нарқасқалар бас қосты!

Желтоқсан 8 күні ҚазТБУ ұжымы, студенттері және мектеп оқушыларына арнап, аттары әлемге әйгілі суретшілер мен мүсіншілер мастер –класс көрсетті.

 

Қонаққа академик, тікелей Елбасының қабылдауында болған,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, еңбектері  Мәскеудегі Третьяков галереясы және шетел қорларында сақтаулы   К.У.Муллашев,  ҚР Суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері  Т.Б. Батанов, п.ғ.к.,проф. Б.Мұхамеджанов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері  М.С.Байтенов ат басын бұрған еді. Қонақтар алғы сөздерін айтып, «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасына жемісті жұмыстар, шығармашылық табыстар тілеп, естелікке қолтаңба қалдырып, мастер–класс көрсетуге орындарына жайғасты. Санаулы минуттарда шеберлер халыққа өз құдіреттіліктерін паш етті. Студенттер суреттің қалай салынатындығын, мүсіннің қалай дүниеге келетінін қызуғышылықпен қарап, тәжірибе алды. Қонақтар бірінен соң бірі жұмыстарымен елді таң қалдырды.  Сондай-ақ өнер майталмандары Қ.Құсманның жетекшілігімен 4 курс студенттерінің «Бойтұмар», Ж.Байжанованың жетекшілігімен 5 курс студенттерінің «Іңкәрім –ай» коллекцияларына оң бағаларын берді.

Сондай-ақ аталмыш кафедра кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к Е.Қ.Боранқұлов келген қонақтарға арнайы алғас хаттар мен дайындалған сыйлықтарын табыс етті.

Шараға келген қонақтар шеберлерге сұрақтарын қойып, қызықтырған ойларына жауап бен бағыт-бағдар алып естелікке суретке түсті.

 

        Сөйтіп Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасы Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тынысы» апталығы өз деңгейінен жоғары өткізіп, Астана қаласы бойынша оқушы, ата-ана және ұстаздар тарапынан оң бағаларына ие болды. Жоспарланған барлық шаралар өз уақытымен өтіп студенттер апталықтан үлкен әсер алды.

 

 

 

 

 

 

ҚазТБУБаспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Дүйсенбі, 12 Желтоқсан 2016 08:48

Тәуелсіздікке 25 жыл!

«Тәуелсіздік тынысы» немесе байқау мәресіне жетті!

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні апталықтың екінші күні «Тәуелсіздік тынысы» атты профессор –оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмыстар көрмесі  ашылды.

 

Жоспарға сай «Тәуелсіздік тынысы» атты профессор –оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмыстар көрмесі ашық деп жариялынып, көрмеге арнайы шақыртылған қонақтарға сөз кезегі берілді.

Сөз кезегін  «Деловой Мир», «Отбасым», «Astana Innovation» журналдарының бас редакторы, «Бас редакторлар Клубы» ҚБ вице-президенті  Сыздықова Шолпан Викторовна алды. Өз сөзінде Н.Ә.Назарбаевтың тарихи хронология туралы жазылған кітабымен таныстырды. Келесі сөз университет ректоры С.Н.Түменов алды. Сөзінде бүгін тарихи күн екендігін айтты. Себебі, дәл осы сәтте «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасының апталығы, Елбасымыз туралы кітаптың таныстырылуы және оқушылардың көрмесінің аяқталып, марапаттау рәсімі өтетінін айтты. Басқада келген қонақтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

Ары қарай киім коллекциясының көрсетілуі басталды. Алғашқы болып Қ.Құсманның жетекшілігімен 4 курс студенттерінің «Бойтұмар» колекциясы таныстырылды. Келесі Ж.Байжанованың жетекшілігімен 5 курс студенттерінің «Іңкәрім –ай» колекциясы көрермендерге ұсынылды.

Содан «Бір отан! Бір тарих! Бір Елбасы» атты оқушылар көрмесі байқауының жүлдгерлерін марапаттау рәсімі басталып кетті.

3 –орынға С.Бекежанов, А. Жолдыбаева және т.б.

2 –орынға Д.Мұсабаева, А.Иванова  және т.б.

1 –орныға Н.Өмірзақ,  А.Байқонбай және т.б. оқушылар марапатталып, «Деловой мир Астана» баспа үйінің қолдауымен әр қатысушыға жаңа туындылар сыйға берілді.

         Онымен қоса университет мұғалімдеріне қосқан үлесі үшін арнйы алғыс хаттар мен кітаптар берілді. Барлық қатысушылармен естелікке суретке түсіп, профессор–оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмыстар көрмесін тамашалап Т.Ордашев мырза мен Қ.Құсман ханымның шеберлік сыныбына куә болдық.

Аталмыш байқауды университетіміздің «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының  ұстаздары елордамыздың жас жеткіншектерінің қолөнер бұйымдары мен суреттеріне әділ бағаларын беріп, шараның өтуіне мұрындық болды.

Сондай-ақ ҚазТБУ ұжымы «Деловой Мир», «Отбасым», «Astana Innovation» журналдарының бас редакторы, «Бас редакторлар Клубы» ҚБ вице-президенті  Сыздықова Шолпан Викторовнаға көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Сенбі, 10 Желтоқсан 2016 03:05

Тәуелсіздік-25!

«Тәуелсіздік тынысы» немесе  атақты дизайнерлер бас қосты!

Бүгін апталықтың үшінші күні. 7 желтоқсан күні күн жоспарында көрсетілгендей келген қонақтармен дөңгелек үстел жүргізу болды. Дөңгелек үстелге шақырлған қонақтардың барлығы ұстаздармен және студенттермен қызықты әңгіме өрбітті.

 

Сонымен қонаққа Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, «Құрмет» орденінің иегері, аңыз адам  Ж. Мәлібекұлы,   ҚР Мәдениет қайраткері, п.ғ.д, Қазақстан Республикасының өнер профессоры, ҚР Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі Е.С.Асылханов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д.,Т.К.Мусалимов, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, п.ғ.к. Б.И.Ижанов, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінінің «Дизайн» кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Т.Х.Алиев, «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісінің иегері, Қазақстандық және халықаралық сахнада сценограф, театр мен киноның қоюшы суретшісі ретінде 100 астам қойылымдардың авторы С.Б. Балтаев сынды өнер шеберлері келді.

«Ең біріншіден мынадай үлкен ақ сарайдай үйлеріңіз құтты болсын. Білімге құштар қазіргі жастарымыздың арманы орындалып жатқанына қуаныштымын. «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн кафедра» ұжымы мынадай бір әдемі, мағыналы апталық өткізіп жатыр екен. Тамаша! Апталық емес күнде осындай жастарға салиқалы, мағыналы бас қосулар өткізе берсе жаман болмас еді?! Тәуелсіздік тұғыры мықты болсын!» деп Елтаңба авторы, аңыз адам  Ж.Мәлібекұлы ойын жеткізді. Өзінің қарапайымдылығы мен білімділігін жоғалтпаған Елтаңба авторы, жастарға өнегелі сөздерімен және әдемі, логикалық жұмбағын жасырып, кештің әдемі өтуіне шын көңілімен ұстаздар және студенттердің лебізін мұқият тыңдады.  

 

Е.С.Асылханов, Б.И.Ижанов, Т.Х.Алиев, С.Б. Балтаев сынды өнер майталмандары талай қиыншылықты бастан өткеріп, Тәуелсіздік жолында халыққа қызмет ету үшін қаншама тер төккендерін ортаға салып, ой бөлісті.

Сондай-ақ кеш қонақтары өз саласындағы жаңалықтармен бөлісіп студенттерге ұмытылмас кездесу сыйлады. Дөңгелек үстел соңында «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн кафедра» меңгерушісі п.ғ.к Е.Қ.Боранқұлов келген қонақтарға арнайы Алғас хаттар мен дайындалған сыйлықтарын тапсырды. Қонақтар студенттермен бірге естелік суретке түсті.

Өз саласының білікті мамандары ұстаздар мен студенттерге өз қолтаңбалары мен «Тілек»  журналына жылы лебіздерін қалдырып кетті.

Бүгінгі күннен студенттер үлкен әсер алып, шабыттанып шығармашылық жұмыстарына белсене кірсетіндерін айтып тарқасты.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Жұма, 09 Желтоқсан 2016 10:21

Құттықтаймыз!

Аты әлемге әйгілі !

Астана қаласындағы «Astana Fighters» клубының мүшесі  Жасұлан Әкімжан   ММА аралас жекпе-жегі бойынша әлем чемпионы болды.

 

Қазақ технология және бизнес университеті  х.ғ.к, доцент Көлпек Айнагүл Көлпекқызы басқарып отырған  "Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасында тағы бір қуанышты жағдай орын алды. Аталмыш кафедра студенті Әкімжан   Жасұлан Шалқарұлы әлем чемпионы атағына ие болды. Жеңісімен құттықтап жеңімпазды сөзге тарттық.

-         Жасұлан жеңісің құтты болсын! Жеңіс оңайшылықпен келмейтінін білеміз. Бұл спорт түріне қалай келдің?

-         Мен басында еркін күреспен айналысып жүрдім. 9 сыныпқа келгенде мектепте осы ММА спорт түрінің маманы, ұстазып қатысуға шақырып еді. Ал, өзім мектепті осы Астана қаласының №10 мектебін тәмәмдадым. Жарыс 12 адамнан, 65 келіден тұратын Әлем чемпионы белбеуінен  таласуға тура келді.3 кездесу өткіздім.  Әлем чемпионы Қанат Досмағамбетовпен бірге-бір шықтым. Осы спортқа келгелі 5 жылдың көлемі болды. 

 

-         Өмірде  мінезің қандай? Жалпы жеңіске  жеткен спортшылар өздері  өмірде қол көтермеуге тырысады екен. Оның чемпион екенін аңғармайсың...

-         Ия, дұрыс айтасыз. Мен негізі мінезім ауыр. Өзім барып бірінші болып ешкімнің намысына тиіп, қол көтермеймін. Барынша бейбіт жолмен шешуге тырысамын. Ал, егер  шектен шығып жатса амал жоқ. Қорғануыма тура келеді. Менің ұстанымым: 1. далада төбелеспеймін адманың денсаулығына зиян келтіруім мүмкін. 2. Өзімнен кіші немесе нәзік адамға ешқашан қол көтермеймін. Мен осы спорт түрін біледі екенмін деп әркімге соқтығысу ол мен үшін ұят нәрсе!

-         Фируз Абдуллоев, Елнұр Ермековтермен шыққан төбелестеріңіді көрдім. Тағысын тағы бар... Талай қанға бөккен, есі ауып қалған спортшыларды байқадық. Қанша дегенменде бұл спорт түрі басқалармен салыстырғанда өте қауыпті. Ата-анаң осы спорт түріне қатысуға қарсылық білдерген болар?

-         Ия, басында қатысуға қарсы болды. Артынан келісімін берді. Ол кісілер менің амандығымды тек бір Алладан ған тілеп отырған жандар!

-         Жасұлан, Қазақ елінің көк байрағын және  Қазақ технология бизнес университетінің атын асқақтатуға жазсын! Әдемі әңгімеңе рахмет! 

                                                                

                                                               ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Жұма, 09 Желтоқсан 2016 08:25

Апталықтың ашылуы!

Тәуелсіздік тынысы!

Ағымдағы жылдың 5  желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасы «Тәуелсіздік тынысы» атты апталығын  салтанатты  түрде ашты. Апталық 5 мен 9 арасында өтеді деп жоспарланып отыр.

 Ашылу салтанатына Қазақ технолгия және бизнес университетінің ректоры т.ғ.д., профессор Түменов Серік Ниязбекұлы қатысып,  барша қатысқан қонақтарды еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, апталықтың сәтті өтуіне тілектес болды.  Сондай-ақ «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., Боранқұлов Еркінбек Қағазбекұлы сөз сөйледі. Кафедра  меңгерушісі өз сөзінде еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, апталықты ашық деп жариялады. Алдағы апталық жоспарымен бөлісіп, кафедра ұжымына сәттілік тіледі. Келесі сөзді  «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн»  кафедрасының оқытушысы т.ғ.к., Мыңбаев Мұрат Тайкелтірұлына берілді.  Ғалым еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап ізгі ниетін білдірді. Шетелден арнайы шақыртылған  осы кафедраның оқытушысы, профессор Гаррет Стамп мырза қонақта болып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, әріптестеріне жылы ниетін білдірді. Сөз соңын  аталмыш кафедра  5 курс студенті Бекназар Ақнұр алды.  Ақнұр «Жас отан»  жастар қанатының Елбасымен өткен кездесуінде  оқыған баяндамасының үзіндісін келген қонақтарға оқып берді.

 

Сөйтіп  «Жеңіл өнеркәсіп технолгиясы және дизайн кафедрасы»  еліміздің  25 жылдығы аясында «Тәуелдсіздік тынысы» атты апталығын ашық деп жариялап, алдағы күндеріне қызу дайындықпен кірісіп кетті.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 05:15

Форум!

Бақытты болу үшін Президент болу міндетті емес!

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні Астанада алғаш рет республикалық Жастар форумы  болып өтті. Атылмыш форум Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып,  еліміздің түкпір-түкпірінен  жиналған 1,5 мыңнан аса жас Елбасымен тікелей кездесуге мүмкіншілігі болды. 

Үлкен шараға біздің  ҚазТБУ студенті Астана қаласы «Жасыл ел» және Студенттік құрылыс жасақтары маусымының  «Үздік жетекші» марапат иесі, университетіміздің оқу озаты Бекназар Ақнұр Елбасының кездесуінде тікелей қатысып келген еді.

2

 

«Ата-аналар сен оқуға тиіссің, сонда президент боласың деп айтады. Президент болғанына менің қарсылығым жоқ. Бірақ, ол баланың басында қалып қояды. Содан кейін ол орындалмағаннан кейін қиналады. Бақытты болу үшін міндетті түрде президент болу қажет емес. Мүмкін тіпті керісінше болуы мүмкін. Бір қалжың айтып берейін. Бір кезде біз Ельцинге: «Борис Николаевич, немереңіз президент болғысы келеді», деп айтқан едік. Ал ол «Ресейге екі президенттің қажеті қанша?» дейді.  Ең бастысы - адам тәрбиелеу, білім, жақсы мамандық алу. Жақсы білімді сенен ешкім тартып ала алмайды. Сонда сен өмірде жетістікке жетесің», - депНұрсұлтан Әбішұлы елімізде жастарға сапалы білім беруге айрықша мән беріліп келе жатқандығын алдыға тартты. «Тек осы жылдардың ішінде ғана шамамен 1500 жаңа мектеп салынды, жөндеп жатырмыз. Бұл мектептер бұрынғыдай емес. Олар мүлдем заманауи, зияткерлік мектептер. Онда республикалық дүниежүзілік байқаулардың жеңімпаздары, үздік оқушылар қабылданады. Солардан үміт күту керек. Әрине, бастапқы сараптама барлық адамның мүмкіншілігі бірдей еместігін көрсетті. Адамдардың барлығы бірдей өз мүмкіншіліктерімен университет аяқтай алмайды», - деді Елбасы.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2016 08:03

Жұлдызы жанған жұлдыздар!

Көтеріңкі көңіл сыйлаған күн!

Ағымдағы  жылдың желтоқсан айының 2 күні  Қазақ технология және бизнес университетінің колледжінде  «Екі жұлдыз»  атты ән байқауы болып өтті.

 

Байқау қатысушылары  колледждің «Арнайы пәндер оқытушысы» Жансая Ибрагимқызы мен «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығының 3-курс студенті Нұржан Ерланұлы,  университеттің «Химия, химиялық технология және экология» бөлімінің оқытушысы Сансызбаев Мирас пен Манарбек Дәметкен, Астана қаласы №78 мектеп-гиназиясының  ән-күй пәнінің мұғалімі Айгерім Батырқызы және 11-сыныптың оқушысы Тілеуқабыл Танат,  колледждің «Арнайы пәндер»  оқытушысы Жанар Ансариевна мен «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығының

3-курс студенті Әділ Боранбаев, университет жатақханасының атынан университет медбикесі Ұлмекен Адбдіқадірқызы мен «Туризм» мамандығының 2-ші курс студенті Барлыбай Асылбекұлы аталмыш байқауда бақ сынасты.

Сондай-ақ  облыстық және республикалық ән байқауының лауреаты Еркін Серікбол “Байтақ елім қазағым” атты әнді көрермендерге шырқап берді.

Сөйтіп ақтық сынға сүрінбей өтіп, бас жүлдені жеңіп алған колледждің «Арнайы пәндер»  оқытушысы Жанар Ансариевна мен «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығының 3-курс студенті Әділ Боранбаев болды.

Соңында халқымызға белгілі «Екі жұлдыз» атты әнімен  қонақтар, студенттер, университет және колледж қызметкерлерінің шырқауымен байқау өз мәресіне жетті.

 

Анықтама

Қазақ технология және бизнес университет колледжі 2006 жылы Қазақ технология және бизнес университетіне қарасты ашылған болатын. Колледж «Тігін өнеркәсібі», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Туризм», «Мұнай және газ технологиясын өңдеу»,«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетудіұйымдастыру», «Ақпараттық жүйе» бойынша студенттерге білім береді. Аталмыш білім ордасында қазіргі таңда барлығы 767 студент. Оның ішінді күндізгі бөлімде 660, сырттай оқу бөлімінде 85, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 22 бала қашықтықтан білім алады. Сондай-ақ колледж тәлімгерлері «Алтын жүрек», «Жас батыр», «Халықаралық дизайнерлер көрмесі», «ЖасStar КВН-мен бірге», «Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай жарысы», «Ақ найза», «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты және өзгеде жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары болып табылады.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

 

 

 

Опубликовано в Архив

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.